Accessibility links

Алматыдағы ұйғырлар қауымдастығы Үрімжідегі қақтығыстарға байланысты қаралы үнсіздік шеруін өткізбек


Бүгін сағат 15.00-де ұйғырлар қауымдастығы ҚХР –да орын алған қақтығыстарға байланысты онда құрбан болғандарға арнап қаралы үнсіздік шеруін өткізбек.

Бұл туралы Азаттыққа мәлімет берген бастамашыл топтың мүшесі Әлімжан Тілебалдының айтуынша, олар Алматыдағы Дружба елдемекеніндегі мешіттің жанында қаза болғандарды үнсіз еске алып, құрбан болғандарға арнап ас бермек. Сондай-ақ аталмыш жағдайға қатысты ұйғыр жастарының мәлімдеме жасауы да мүмкін. Бірақ олар мұндай шараны өткізу үшін құзырлы орындардан рұқсат алмапты.
XS
SM
MD
LG