Accessibility links

Бішкекте қырғыз-американ келіссөзі өтеді


Сенбі күні Қырғызстан астанасы Бішкекте қырғыз-амерникан келіссөзі өтуге тиіс. Хабарға қарағанда, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк бастаған делегация қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевпен және сыртқы істер министрі Қадырбек Сартбаевпен кездеседі. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін талқылайды. Келіссөздің одан басқа жай-жапсары хабарланбады.
Жексенбі күні АҚШ делегациясы Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдеріне жолығады.
XS
SM
MD
LG