Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш рет әншілер құқықтарын қорғайтын қоғам құрылды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қазақстанда әншілер құқықтарының сақталуын қорғайтын алғашқы басқару қоғамы құрылды. Бұл қоғам әншілердің орындауындағы әндерді кез-келген қоғамдық орындарда коммерциялық мүдде тұрғысынан орындалу кезіндегі әншінің орындаушылық құқының бұзылмауын қадағаламақ. Қоғам басшылары дәл қазір республика бойынша барлық мейрамхана, ойын-сауық орталықтары және телерадиолармен сабақтас құқық туралы келісім шарт жасасып жатқандарын айтты.

«Қазақстан орындаушыларының құқығын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі шетелдік ұйымдармен, оның Қазақстан орындаушылларының фоноргаммаларын кең пайдаланатын қоғамдармен бірлесіп қызмет ету және екі жақты мүдделерді өкілдендіретін келісім-шарттар жасасты. Біздің шетелдік серіктесіміз ретінде Ресей зияткерлік меншік ұйымын, Өзбекстан авторларының және орындаушыларының гильдиясын атауға болады», — дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстан орындаушыларының құқығын басқару қоғамының бас директоры Әсет Білиев.
XS
SM
MD
LG