Accessibility links

Джо Байден Украина жетекшілерімен келіссөздер өткізеді


Бүгін АҚШ вице-президенті Джо Байден Киевте келіссөздер өткізіп жатыр. Ол Американың Мәскеумен байланыстарының дамуы Украинаға кері әсер етпейтінін танытуға барды.

Джо Байден Украина президенті Виктор Ющенко, премьер-министр Юлия Тимошенко және қаңтар айында президенттік сайлауға түскелі отырған оппозиция жетекшісі Виктор Януковичпен кездеседі.

Киевтегі жетекшілердің АҚШ-Ресей байланыстарының дамуы Украинаның НАТО-ға мүше болып, Батысқа қосылуына кедергі болады деп алаңдайды.

Джо Байден сәрсенбі күні Грузияға сапармен барады.
XS
SM
MD
LG