Accessibility links

«Тасжарған» газетінің шағымын қарау кейінге қалдырылды


Жоғарғы соттың қадағалау алқасы «Тасжарған» газетінің апелляциялық шағымын қарауды белгісіз мерзімге кейінге қалдырды, Себебі, «Тасжарған» газетінің лауазымы бойынша «Бас оқырманы» аталып кеткен, жетекшісі Ермұрат Бапи газеттің меншік құқын анықтайтын құжаттарын ұсынбапты.

Ермұрат Бапидың соттағы мүддесін басылымның бас редакторы Бақыткүл Мәкімбай қорғады. Оның айтуынша, Ермұрат Бапи ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап газеттің меншік иесі болып табылады. Сот дауы басталған кезде оған жарты жылға сенімхат берілген, бірақ қылмыстық іс материалдарында осы сенімхат қана болған да, оның алдындағы газеттің меншіктік құқығын бекіткен құжаттар болмай шыққан.

«Сот істі кейінге қалдыру үшін себеп іздеп отыр, мұның соңы немен тынары да белгілі болып қалды, енді біз жаңа жобамызға — жаңа газет шығаруға кірісеміз, ештеңеге қарамастан материалдарымызды шығара бермекпіз», — деді бас редактор.
XS
SM
MD
LG