Accessibility links

НАТО басшысы Ауғанстанға көбірек әскер жіберуге шақырды


НАТО-ның жаңа бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ауғанстанға көбірек әскер жіберуге шақырды. Би-Би-Си радиосына берген сұхбатында Расмуссен ауған күштерін жаттықтыруды күшейту керек деп мәлімдеді.

Бұл екі арада соңғы тәулікте Ауғанстандағы шабуылдардан Батыс күштерінің 7 мүшесі қаза тапты. АҚШ әскерилері Хелмандта 4 американдық сарбаздың мерт болғандығын хабарласа, НАТО 3 жауынгерінің опат болғандығын мәлімдеді. Тамыздың 20-дағы президент сайлауы алдында Ауғанстанда бүлікшілер шабуылдарын көбейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG