Accessibility links

Қазақстанда тағы бір журналист сотталды


Қазақстанда «Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот оны ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпияны заңсыз сатып алып таратқаны үшін айыпты деп тапты. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша Есіргеповке түрмеден кейін 2 жыл кәсіби мамандығымен айналысуға болмайды. Осы іске қатысы бар өзге тұлғалар 2 жылдан 8 жылға дейінге мерзімдерге кесілді.
Журналистің адвокаттары соттың шешімін бұздыру үшін жоғарғы сот мекемелеріне арызданбақшы. Қазақстанның журналистік ұйымдары Есіргеповтің үстінен шығарылған сот үкімінің заңға сәйкестілігі мен әділдігін жіті бақылауына алуды өтініп Қазақстанның Бас прокурорына үндеу жолдады.
XS
SM
MD
LG