Accessibility links

Шотландия: Ұшақты жарған адам әлі босатылған жоқ


Шотландияның әуе кеңестігінде АҚШ-тың жолаушы ұшағын жарғаны үшін сотталған ливиялық азамат Абдиль Бассет Әл-Меграхиді босату туралы ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ. Шотландия үкіметі осылай деп хабарлады.
Одан бұрын ағылшын баспасөзі емі жоқ ісік ауруына шалдыққан Әл-Меграхиге рақымшылық жасалатынын хабарлаған болатын. Би-Би-Си-дің хабарлауынша, әуе қастандығынан қаза болғандардың туыстары Меграхидің босатылуы мүмкіндігіне ащы наразы болып отыр. 1988 жылдың 18 желтоқсанында АҚШ-қа ұшып келе жатқан әуе кемесінің жарылысынан ұшақтағы 259 адамға қоса жерде тағы 11 кісі қаза тапты.
XS
SM
MD
LG