Accessibility links

Батыс Қазақстан облысының журналистері құқықтарын қорғамақшы


Бүгін Батыс Қазақстан облысы журналистері кәсіби қызметтерін орындағаны үшін қудалауға ұшырағанын хабарлап баспасөз мәслихатын өткізеді.

Баспасөз мәслихатына сөз бостандығын қорғаушы «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, атыраулық «Тұран» газетінің тілшісі Санат Орналиев, «Республика» басылымының меншікті тілшісі Алла Злобина қатысады.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамбетовтің бұрынғы кеңесшісі Бектұрғановтың үстінен шағымдануына қатысты сот тыңдауына журналистердің де тартылғанын хабарлағанбыз.

Бұл журналистер Бектұрғанов мырзаның әкім Ізмұхамбетовқа айыптаулар тағып сөйлеген баспасөз мәслихатына қатысқандықтан, сот ісіне куәгерлікке тартылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG