Accessibility links

БҰҰ басшысы Иранның уран байытуына алаңдаулы


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Иранның уран байыту бағдарламасына байланысты өте алаңдап отыр. Пан Ги-мун бұл жөнінде Нью-Йоркте президент Махмуд Ахмадинежадпен кездесуі барысында мәлімдеді.

Теһран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындап, Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікпен толық ынтымақтасуы тиіс деді Пан Ги-мун. Ол сондай-ақ конструктивті келіссөздер тезарада басталуы керек деп атап көрсетті.

Жұма күні Иран күтпеген жерден уран байытатын екінші зауытын салып жатқанын мойындады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG