Accessibility links

Ауған үкіметінің мүшесіне қастандық жасалды


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай үкіметінің мүшесі жанпидашыл содырдың өзіне қарсы жасаған қастандығынан кейін үкімет құрамынан шығатынын мәлімдеді.
Энергетика министрі Исмаил Хан өткен жексенбі күні елдің батысындағы Герат қаласында тәліптер іске асырған жарылыстан аман қалды, бірақ өзге 4 адам мерт болып, тағы 17 кісі жараланды. Қастандықтың ізінше Исмаил Хан үкіметті елге бейбітшілік пен тыныштық орнатудың айқын стратегиясын жүзеге асыруға шақырды және егер қантөгіс жалғаса беретін болса, үкімет құрамынан кететінін ескертті.
Басқа хабарға қарағанда, соңғы күндері Ауғанстанда НАТО-ның 6 жауынгері, оның ішінде 3 француз, 2 американ және 1 ағылшын жауынгері оққа ұшты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG