Accessibility links

Рамзан Қадыров өзіне қарсы қозғалған істе жеңіп шықты


Бүгін Ресей соты құқық қорғаушы Мемориал тобының Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа құқық қорғаушы белсендіні өлтірді деген айыптауларын кері қайтарып алу қажеттігі жөнінде шешім шығарды.

Францияның AFP ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мәскеу соты Мемориал басшысы Олег Орловқа Қадыровтың абыройы мен беделіне нұқсан келтіргені үшін 2,340 доллар өтемақы төлеуді бұйырған.

Орлов болса, президент Қадыров шілде айында Шешенстанда жоғалып кетіп, өлтірілген Наталья Эстемированың өліміне жауапты деп білетінін қайталады.

Мемориал Ресейдегі адам құқын қорғаушы белгілі ұйымдардың бірі.
XS
SM
MD
LG