Accessibility links

Мәскеу: Х.Клинтон адам құқы мәселесін көтереді


Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның келіссөзі басталды. Оның күн тәртібінде Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары проблемасы, Ауғанстандағы ахуал және зымырандық шабуылдан қорғану мәселелері тұр.

Ақ үй Иранды уран шикізатын байыту ізденістерінен бас тартуға көндіру үшін оған өз жағынан қысымға алуға Кремльді үгіттеп көрмекші.
Сондай-ақ Лавров пен Хиллари ханымның келіссөзі барысында стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісімді әзірлеу тақырыбына да ден қойылады.

Мәскеуге дүйсенбі күні ұшып келген Хиллари Клинтон Ресей президенті Дмитрий Медведевпен де кездеседі.
Ал адам құқын қорғаушы ұйымдармен кездесуі кезінде мемлекеттік хатшы Ресейдегі адамның құқы проблемасын көтермекші.

«Адам құқы үшін» қозғалысының жетекшісі Лев Пономарев мәлімдегендей, ол бүкіл әлемдегі адам құқының ахуалы туралы мемлекеттік департаменттің жыл сайынғы баяндамасын әділ деп есептейді.

Мәскеулік Хельсинки тобының төрайымы Людмила Алексеева Клинтон ханыммен Ресейдегі адам құқын қорғаушылар өз жағдайларын талқылағысы келетінін айтты.
XS
SM
MD
LG