Accessibility links

Ресейдің “Автоваз” көлік кәсіпорны жабылуы мүмкін


Ресейдің 100 мыңнан аса жұмысшысы бар “Автоваз” компаниясы банкрот деп табылуы мүмкін.

“Автоваз”-дың қаржы мәселелері жөніндегі басшысы Олег Лобанов РИА-новости ақпарат агенттігіне айтқанында, кредиторлардан қорғанудың қарапайым жолы банкрот деп жариялау деген.

Лобановтың айтуынша, компанияның қарызын өтеуге 1,2 млд доллар қажет және жұмысты қалпына келтіру үшін 409 млн доллар керек болады.

Ғаламдық дағдарысқа байланысты 25 пайыз акциясын францияның Renault компаниясы иеленетін Ресейдің тағы бір көлік компаниясы “Лада”-ның саудасы да күрт төмендеп кеткен.
XS
SM
MD
LG