Accessibility links

АҚШ вице-президенті Румынияда жүр


Құрама Штаттар вице-президенті Джо Байден бүгін Бухаресте Румыния жетекшілерімен аймақтық қауіпсіздік және басқа да мәселелер бойынша келіссөз өткізуде.

Байден Румыния президенті Трайан Басескеумен кездесіп, АҚШ пен Орталық Еуропаның өзара байланыстары туралы студенттер алдында сөз сөйлемекші.

Сәрсенбі күні Варшаваға сапарында Байден Американың зымыранға қарсы жаңа ұсынылған жүйесіне Польшаның қатысатыны туралы уәдесін алып қайтқан.

АҚШ-тың ол жаңа жоспарына кемеде орналасқан зымыранға қарсы ядролық қару мен Еуропа аймағында жердегі қорғаныс жүйесі кіреді.

Ол Ресейдің қарсылығына тап болған бұрынғы Буш әкімшілігінің Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарының орнын басады.
XS
SM
MD
LG