Accessibility links

АҚШ-та доңыз тұмауынан құрбан болғандардың саны мыңнан асты


АҚШ-та доңыз тұмауынан құрбан болғандардың саны мыңнан асты деп хабарлайды елдің сырқаттарды алдын алу бойынша орталығының басшысы Томас Фрайден.

Оның айтуынша, H1N1 вирусы АҚШ-тағы 50 штаттың 46-да таралған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, сәуір айынан бері әлемде осы вирустан 5 мыңға жуық адам қаза тапқан. Доңыз тұмауы пандемия деп жарияланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG