Accessibility links

Иран полициясы шерушілермен қақтығысты


Теһран көшелерінде Иран полициясы мен оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің қолдаушылары арасында қақтығыс орын алды. Иран халқы АҚШ елшілігінің басып алынуының 30 жылдығын атап өтуде.

Куәгерлердің айтуынша, полиция "диктаторларға өлім!" деп айқайлаған жүздеген шерушіні тарату үшін көзден жас шығаратын газ атқан. Бірнеше наразылық танытушы қамауға алынды деп хабарланып отыр.

Оппозициялық топтар қолдаушыларын президент Махмуд Ахмадинежад үкіметіне қарсы наразылық шараларына қосылуға шақырды. Оппозиция маусым айындағы сайлауда бұрмалаушылықтардың салдарынан Ахмадинежад қайта сайланды деп отыр.
XS
SM
MD
LG