Accessibility links

Стамбулда Ислам Конференциясы ұйымының саммиті басталады


Түркияда әлемдегі ең ірі ислам елдерінің жиыны басталды. Ислам конференциясы ұйымына мүше елдер Стамбулда экономикалық мәселелерді талқылап, ұйымға мүше 57 елдің арасында сауда-саттық және кедейлікке қарсы шаралар туралы сөйлеспекші.

Бұл саммит қарсаңында Судан елі Дарфурдағы соғыс қылмыстарына қатысты деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген президент Омар әл-Баширдің Стамбулдағы жиынға бармайтынын мәлімдеді.

Осыған дейін Еуропа Одағы Түркияның Судан президентін бұл жиынға шақыру шешімін қайта қарауды сұраған. Ал Түркия жетекшілері өздерінің халықаралық іздеудегі әл-Баширді тұтқынға алмайтындықтарын ескерткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG