Accessibility links

Обама АҚШ пен Қытай қарсылас болмауы керек деді


Қытайда сапармен жүрген президент Барак Обама Құрама Штаттар мен Қытай жауласпай, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуы керек деп сенетінін жеткізді.

Бұл туралы Қытайға алғашқы сапарымен барған Барак Обама Шанхай қаласындағы университет студенттерінің сұрағына жауап берген кезде айтып, барлық адамдардың ашық пікір білдіру, діни еркіндік және толық қанды ақпарат алу сынды құқықтары болуы керек деген.

Обама дүйсенбі күні кешкісін Бейжіңге барып, президент Ху Дзиньтаомен келіссөздер өткізеді.

АҚШ ресмилерінің айтуынша, Обама Қытай жетекшілігімен сауда, Иранның және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары, сондай-ақ ғаламдық жылыну мен Қытайдағы адам құқықтары мәселесін талқылап, екі елдің байланыстарын құру мақсатында келіссөздер жүргізеді деген.
XS
SM
MD
LG