Accessibility links

Құқық құқық қорғаушылар Жовтиске жіберілмеді


Алматыдан Өскеменге барған құқық қорғаушылар түрмеде отырған Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтиспен кездесуге жіберілмей қойды.

Бұл туралы Азаттық радиосына Өскеменнен журналист Сергей Дуванов хабарлады. Оның айтуынша, Жовтиске тіпті оның адвокаты Виталий Воронов та жіберілмеді. Оған тұмау эпидемиясына байланысты жарияланған карантин себеп деген.

Қыркүйек айында көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылған Евгений Жовтис 4 жылға сотталып, Өскемен абақтысына жабылған.

Дүйсенбі күні қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Жовтистің өздеріне қысым жасалып жатқаны жайлы айтқан мәлімдемесін жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG