Accessibility links

Обама Копенгагенде өтетін ғаламдық жылыну саммитіне барады


Батыстық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Ақ үйдің атын атамаған өкілі Құрама Штаттар президенті Барак Обама алдағы айда ғаламдық жылынуға арналған Копенгаген саммитіне қатысады деген.

Ресми адамның айтуынша, Обама Копенгагенге желтоқсанның 9-да барады, одан кейін Ослодағы Нобель бейбітшілік сыйлығын қабылдайды. АҚШ президентінің Копенгаген саммитіне баратыны әзірге дейін белгісіз болып келген.

Бұл жиынға 65 елдің жетекшілері қатысып, ғаламдық жылынуға қарсы күрес жүргізетін жаңа келісім жасамақшы. Обама Копенгаген кездесуінің мақсаты – тек саяси декларация ғана емес шұғыл түрде іске асатын келісім болуы керек деген.

Ақ Үй Обаманың бұл жиынға баратыны туралы сәрсенбі күні кешкісін ресми түрде хабарлап, АҚШ-тың газ эмиссиясын азайтуға бағытталған нақты шараларын ұсынуы мүмкін делінген еді.
XS
SM
MD
LG