Accessibility links

Ирақта бомба шабуылынан кемінде 5 адам қаза тауып, 41 кісі жараланды


Бүгін Ирақтың орталығындағы қаласы Кербалада орын алған екі бірдей бомба жарылысы 5 адамның өмірін қиып, 41 кісі жарақат алды.

Оқиғаны көргендердің айтуынша, бірінші бомба ирақтың әскери базасына жақын мейрамхананы қиратып, бірнеше минуттан соң велосипедке қойылған бомба ресторанның сыртында жарылған.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.
XS
SM
MD
LG