Accessibility links

СІМ: Меккеде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясына қажылыққа барған қазақстандықтар аман-есен деген хабар таратты.

Сенбі күні журналистермен өткізген брифингте министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарын арасында құрбан болғандар жоқ деді.

Шетелдік ақпарат құралдарында айтылғандай, биылғы қажылық барысында қатты жауған нөсерден су тасқыны болып, ағынды сулар көпірді құлатып кеткенде, ондаған адам қаза тапқан.

Бүгін Құрбан айттың екінші күні. Биыл мұсылманның Құрбан айт мерекесі 27 қараша, жұмаға сәйкес келді. Соған байланысты Қазақстан тұрғындары 27, 28 және 29 қараша күндері демалып жатыр.
XS
SM
MD
LG