Accessibility links

Сирия министрі: Дамаскідегі жарылыс лаңкестік әрекет емес


Сирия ресмилерінің хабарлауынша, бейсенбі күні Дамаскіде ирандық зияратшыларды алып бара жатқан автобустың жарылысынан 3 адам қаза тапқан. Автобус жанар-жағармай бекетінде жарылған болатын.

Сирия ішкі істер министрі Саид Мохаммад Саммурдың мәлімдеуінше, жарылыс лаңкестік әрекет болмаған.

Сирия астанасындағы шииттердің қасиетті жері жанында орын алған жарылыстан сондай-ақ ондаған адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG