Accessibility links

Ресей президенті Ішкі істер министрлігінің ресмиін қызметінен алды


Ресей президенті Дмитрий Медведев түрмеде қайтыс болған адвокаттың өліміне байланысты Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері Анатолий Михалкинді жұмыстан шығарды.

Өткен айда орын алған Сергей Магнитскийдің түрмедегі өлімі қоғамда үлкен шу тудырған.

2008 жылдың қарашасында қамауға алынған оған салықтан жалтарды деген айып тағылған.

Hermitage Capital өкілдері жүрек ауруынан көз жұмды деген Магнитскийге дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілмеген дейді.
XS
SM
MD
LG