Accessibility links

Қырғыз журналисінің өліміне қатысты күдіктілер жалған құжатпен босатылған


Қырғызстанның Ош қаласында тәуелсіз журналист Алмаз Ташиевті өлтірген деген күдікпен қамауда отырған екі күдікті заңсыз түрде босатылды деп журналистің бауыры Мелис Ташиев айтып отыр.

Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, шілде айында журналист Ташиевті өлімші етіп ұрып-соғуға қатысты деген полицияның екі қызметкері Шукурбек Нурматов пен Нұрғазы Батырбекулы қамауда отырған.

Журналистің туыстары қамаудағы полиция қызметкерлерінің адвокаттары жалған құжат жасап, оларды шығарып алды деп шағымданып отыр. Олар Ноқат сотына қаза тапқан журналистің анасының атынан кешірім хат жасап, қамаудағыларды босатуды сұраған.
XS
SM
MD
LG