Accessibility links

Теһранда үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр


Иран астанасында екінші күн оппозицияны қолдаушылардың үкіметке қарсы шерулері өтіп жатыр.

Оқиға орнында болғандардың ақпарат агенттіктеріне хабарлауынша, Теһранның бірнеше жерінде шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болған.

Иран оппозициясы шииттердің Ашура мерекесін пайдаланып, үкіметке қарсы наразылықтарын тағы көрсетіп отыр.

Шиит мұсылмандары Ашура мерекесінде Мұхаммед ғ.с пайғамбардың немересі имам Хуссейннің өлтірілген күні еске алынады.

Иран полициясы сенбі күні діни мерекеден басқа жиындар өткізгендер қатаң жазаланады деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG