Accessibility links

Қазақстан Бангкоктегі соттың әділ боларына үміттенеді


Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының ұшқыштарына қатысты сот ісінің обьективті ,әділетті тұрғыда өткізілеріне сенім артып отыр деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.


Агенттік «Ертең бұл сот ісі бойынша кезекті тыңдаулар болады. Біз тай судьялары қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерттеп-тексеріп, әділетті шешім шығарады деген үміттеміз»,- деген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахмановтың сейсенбі күні Астанадағы брифингте айтқан сөзін келтірген.


Солтүстік Кореядан ұшып келе жатқан ұшақ 12 желтоқсан күні жанар май құйып алуға Бангкокте тоқтаған кезде үсталған еді. Экипаж құрамында Қазақстанның 4 азаматы мен бір Беларусь азаматы болған. Ұшақ бортында 35 тонна түрлі қару-жарақ табылған


Халықаралық әуе қатынастарының ережесіне сай Солтүстік Кореядан тасымалданатын әскери жүкке қатысты санкция салынады. Алайда ұшақ экипажында әкетіліп бара жатқан жүктің құрылымы турасында ақпарат болмаған.

XS
SM
MD
LG