Accessibility links

Берлускони дүйсенбіде жұмысына шығады


Осыдан 4 апта бұрын шеруде мұрнын сындырған Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони оңалып, дүйсенбі күні жұмысына қайта оралады.

Желтоқсанның 13-дегі шеруде 73 жастағы Берлускониге бір ақыл-есі кем адам статуэтка лақтырып жібергенде, оның тісі мен мұрны сынған болатын.

Итальяндық басылымға берген сұхбатында Берлускони өзінің жарақаты жазылып келе жатқанын, бірақ әлі де тыртықтары көрініп тұрғаны айта келіп, өкінішке қарай бұл шабуылдан мен тісімді жоғалттым деген.
XS
SM
MD
LG