Accessibility links

Қазақстандық «Келін» Оскардың жартылай финалына шықты


Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келіні» «Оскар» кинопремиясының «үздік шетелдің фильм» номинациясы бойынша іріктелген картиналар қатарынан табылды. Премияның қазылар алқасы барлығы 9 туындыны таңдап алған.

Олар: қазақстандық «Келін», аргентиналық «El Secreto de Sus Ojos» («Көздеріндегі құпия»), аустралиялық "Samson & Delilah" («Самсон және Далила»), Болгарияның «The World is Big and Salvation Lurks Around the Corner» («Әлем алып және құтқарылудың сыры әр жерде»), Францияның «Un Prophete» («Пайғамбар»), Израилдің "Ajami" ("Аджами") ,Перудің « La teta asustada» («Қасірет сүті»), Нидерландының «Oorlogswinter» («Соғыс кезіндегі қыс») және аустриялық «Ақ лента» картиналары.

Ресейлік Карен Шахназаровтың «Палата №6» картинасы іріктеуден өтпей қалды.

«Оскар» сыйлығының шешуші бәсекесіне аталған картинаның арасынан бесеуі ғана қатысады. Номинанттар тізімі 2 ақпанда жарияланып, жеңімпаздың есімі наурыздың 7 күні белгілі болады.
XS
SM
MD
LG