Accessibility links

Тони Блэр Ираққа қатысты сұраққа алынады


Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр осыдан 7 жыл бұрын ағылшын сарбаздарын Ираққа жіберу туралы өзінің шешіміне қатысты қоғамдық комиссия алдында жауап береді. Ирақ соғысына қатысты тергеуге сондай-ақ Ирақта қаза болған сарбаздар мен жоғалып кеткен азаматтардың туыстары қатысады.

Бұл тергеу 2003 жылы Ирақты басып алуды ақтаған барлау ақпаратын және соғыстың қаншалықты заңды болғандығын тексеріп жатыр.

АҚШ пен Британия Ирақты басып алу дұрыс болды себебі бұрынғы диктатор Саддам Хуссейннің жаппай қырып-жою қаруынан қауіп төнді деп мәлімдеген еді. Бірақ бұл қақтығыстың басталуын БҰҰ толық мақұлдамады және де Ирақта жаппай қырып-жою қаруы табылмады.
XS
SM
MD
LG