Accessibility links

Өзбекстан фотографы соттала сала рахымшылық алды


Бүгін Өзбек соты фотограф Умида Ахмедованы елді артта қалған етіп көрсетті деп соттап, кейін бірден рахымшылық жариялады.

54 жастағы Ахмедова Ташкенттегі Швейцария елшілігінің қаржыландыруымен елдің кедейлік тауқыметін тартқан аймақтарының суреттері мен елдің ахуалы жайлы деректі фильм жасаған. Өзбекстан билігі ол суреттер қарапайым адамдардың тартып отырған күнделікті қиыншылығы арқылы бізді артта қалған кедей ел етіп көрсетеді деді.

Ахмедоваға тартылған айыптар бойынша ол көп дегенде еңбек лагерінде екі жыл немесе алты ай түрмеде отыруы керек болған. Өзбекстан соты оған бірден рахымшылық жасады.
XS
SM
MD
LG