Accessibility links

Украина парламенті Тимошенко үкіметін биліктен кетірді


Украина парламенті премьер-министр Юлия Тимошенконың үкіметіне сенімсіздік таныту жөнінде дауыс беріп, Тимошенко мен оның кабинетін биліктен кетірді. Бұл әрекетті Виктор Янукович жетекшілігіндегі Аймақтар партиясы ұсынды. Осыдан бір ай бұрын президент сайлауының екінші кезеңінде Янукович Тимошенконы жеңген болатын.

Аймақтар партиясы енді 30 күннің ішінде биліктегі жаңа коалицияны құруы тиіс. Егер солай жасалмаса, Янукович парламентті таратып, кезектен тыс сайлау өткізуге шақыра алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG