Accessibility links

Қызылағаштағы апаттан зардап шеккендерге көмек есебі ашылды


Алматы облысы Ақсу ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін банктен арнайы есеп ашылды деп хабарлады облыс әкімшілігі.

Әкімшілік мәліметі бойынша, қазіргі таңда жеке тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың есебінен 7 миллионан астам теңге жиналды.

11 наурызда Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып кетіп, жақын маңдағы Қызылағаш ауылын су шайып кетті. Ресми мәлімет бойынша, төтенше жағдайдан 34 тұрғын қаза болды, ауылдағы тұрғын үйлердің 70 пайызы қирады.

Апаттан зардап шегушілерге көмектесу банк есебі:
ИИК 002700125 KZT,
БИК: 194101601,
РНН 530200007643, Кбе 18.
«Жансүгіров» қоғамдық қоры.
XS
SM
MD
LG