Accessibility links

Ақ үй Израильдің баспана салу жоспарына қарсы


Вашингтонда АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс мәлімдегендей, Палестина мен Израиль арасында бейбіт келісімнің болмауы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне төнген қатер болып табылады.

Министрдің сөзіне қарағанда, Таяу Шығыстағы жанжалды бейбіт жолмен үйлестірудің қазіргі халі АҚШ-тың осы аймақтағы жауларының мүддесіне жауап береді. Бұл, - деп атап көрсетті Р.Гейтс, - АҚШ-қа қарсы саясат болып табылады.

АҚШ-тың қорғаныс министрі бұл мәлімдемесін президент Барак Обама мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Вашингтондағы нәтижесіз аяқталған келіссөзінен кейін жасап отыр. Ақ үй мен ресми Тель-Авивтің арасындағы қарама-қайшылық Израильдің Шығыс Иерусалим аумағындағы еврей кварталдарына баспана тұрғызу жоспарынан шықты.

Ақ үй бұл жоспар бейбіт келіссөзге бөгет болады деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG