Accessibility links

Аустралия Қытай сотының үкімін «қатаң» деп санайды


Қытайдың Шанхай қаласындағы сот Аустралия мен Ұлыбританияның Rio Tinto тау-кен концернінің 4 қызметкерін 14 жылға дейін мерзімдерге бас бостандығынан айыратын үкім шығарды.

Аустралия өз азаматына шығарылған үкімді «тым қатаң» деп бағалап, «өнеркәсіптік тыңшылық» деген айыпқа қатысты көп мәселенің жауапсыз қалғанын мәлімдеді.

Қытай соты 3 қытайлық пен аустралиялық 1 азаматты «пара алды» және «өнеркәсіптік тыңшылықпен айналысты» деп таныды.

Төртеуі де пара алғандарын мойындады, бірақ өнеркәсіптік тыңшылық жасағандарын мойындаған-мойындамағаны белгісіз.

Бұл сот Қытайдың шетелдік бизнеске деген саясатының айнасы ретінде қабылданып отыр.
XS
SM
MD
LG