Accessibility links

Қырғызстандағы толқуларда 17 адам қаза болды


Қырғызстандағы оқиғалар қасқағым сәтте құбылып, не жергілікті, не шетелдік баспасөз құралдары республиканың түк-түкпірінен келіп жатқан ақпараттардың легін игере алмай жатыр.

Соңғы сағатта наразылық шеруіне шыққандар оның алдында ғана кезектен тыс мәжіліс болып өткен парламентке басып кірді.

Оппозицияның мәліметі бойынша, Қаракөл, Нарын, Талас облыстарының әкімшілік орталықтары мен Шу және Ыстықкөл облыстарының кейбір ауданы, сондай-ақ Тоқмоқ қаласы өз қолдаушыларының қолына өтті.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Бішкек пен бүкіл республикадағы ахуалға баға бермей отыр. Өйткені, ахуал қасқағым сәтте құбылу үстінде.

Шерушілер мемлекеттік телехабар беру компаниясын басып алып, қазір мезгіл-мезгіл адамның құқын қорғаушылар мен оппозиция өкілдерінің сөздерін тікелей эфирде беруде.

Іс жүзінде милиция үкімет үйінің төңірегін ғана қадағалап отыр. Президент Құрманбек Бәкиевтің астанаға төтенше жағдай тәртібін орнату туралы жарлығын кімнің орындап жатқаны белгісіз. Президенттің өзі қайда жүргені де белгісіз.

Осы сағатта шерушілер мен полицияның қақтығыстарында 17 адамның қаза болғанын денсаулық сақтау министрлігі растады. Көпшілігі оқтан алған жарақаттарынан көз жұмды.
Жараланғандардың саны кемінде 180 адам.
XS
SM
MD
LG