Accessibility links

Карзай Лондонда жаңа премьер-министрмен кездеседі


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Вашингтонға төрткүндік сапарынан кейін Лондонға барды. Карзай Британияның жаңа премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтамақшы деп хабарлайды ауған президентінің кеңсесі.

Бұған қоса, Карзай мен Кэмерон екі ел арасындағы қарым-қатынастарды күшейту мәселесін талқыламақшы. Ауғанстанда Британияның 9 мыңға жуық сарбазы бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG