Accessibility links

Пәкістанда ондаған адам ұрланды


Пәкістанның ресми өкілдерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы аймақта бүлікші деп күдіктелгендер 60-қа жуық адамды ұрлаған. Куррум ауданында бірнеше көлік тоқтатылып, ішіндегі жолаушылар белгісіз жерге әкетілген. Кепілдікке алынған адамдардың көбі қарапайым азаматтар делінеді бірақ олардың арасында бірнеше үкіметтік қызметкер де бар деп хабарланып отыр.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қауіпсіздік күштері ұрланған адамдарды іздеп жатыр.
XS
SM
MD
LG