Accessibility links

Ирандық режиссер түрмеден наразылық танытты


Түрмедегі ирандық режиссер Жафар Панахи өзінің қамауға алынуына байланысты наразылық танытты. Оның наразылық хатын Канн кинофестивалінде Францияның мәдениет министрі Фредерик Миттеранд оқып берді. Режиссер Панахи хатында "мен кінәсізбін, Иран режиміне қарсы фильм түсірмедім" деп жазған. Бұған қоса, ирандық режиссер оны қамаудан босатуға әрекеттеніп жатқан Францияға алғысын білдірді.

Иран билігі Панахиді 2009 жылғы даулы президент сайлауы туралы кино түсірмекші деген айыппен наурыз айында қамауға алған болатын. Панахи Канн кинофестиваліндегі қазылар алқасының мүшесі болуы тиіс еді.
XS
SM
MD
LG