Accessibility links

Жалал-Абадта наразылық барысында 2 адам қаза болды


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде этникалық қырғыздар өзбектер қаржыландыратын университетке шабуылдамақшы болған кезде 2 адам қаза тауып, 17 кісі жараланған.

Полиция Жалал-Абадтағы университеттің терезелеріне тас лақтырған халықты тарату үшін ескерту ретінде әуеге оқ атты.

Сәрсенбі күні Жалал-Абад қаласында қырғыз азаматтары шеруге шығып, жергілікті өзбек жетекшісінің қамауға алынуын талап етті.

Өткен аптада Жалал-Абадта биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің қолдаушылары мен уақытша үкіметтің жақтастары екі күн қатарынан қақтығысқан болатын. Кемінде 2 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған еді.

Этникалық қырғыз наразылық танытушылары жергілікті өзбектердің жетекшісі Қадыржан Батыровты елдің оңтүстігінде өзбек автономиялық ауданын құруға шақыру арқылы ұлттар арасындағы шиеленісті жағдайды туғызды деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG