Accessibility links

ЕуроОдақ: Таулы Қарабахтағы сайлаулар заңсыз


Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон Кавказдағы даулы анклав Таулы Қарабахта жексенбіге жоспарланған парламенттік сайлаулар заңсыз болады деп мәлімдеді. Эштонның айтуынша, дауыс берулер Таулы Қарабах жанжалының бейбіт түрде шешілуне кесірін тигізбеуі тиіс. Эштон барлық жақтарды бұл мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырды.

1990 жылдардың басында Арменияның қолдауымен этникалық армян сепаратистері Таулы Қарабахты Әзірбайжаннан тартып алған болатын. Сол кездегі соғыста 30 мыңға жуық адам қаза тапты. Осыдан он жыл бұрын Армения мен Әзірбайжан атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды. Бірақ Таулы Қарабах әлі даулы территория деп есептеледі.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG