Accessibility links

Оңтүстік Кореяда кемеге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр


Оңтүстік Кореяның әскери кемесіне жасалған шабуылдан соң Солтүстік Кореямен қалыптасқан жағдайдың негізінде, Оңтүстік Корея әскери теңіз флоты күштері кемеге қарсы оқу-жаттығулар өткізіп жатыр.

Оңтүстіккорейлік Йонхап агенттігінің хабарлауынша, жаттығуға су асты бомбалары мен артиллерияны сынақтан өткізетін 10 әскери кеме қатысуда.

Өткен аптада халықаралық тергеу оңтсүстіккорейлік әскери кеменің батып кетуіне Солтүстік Корея кінәлі деп мәлімдеген.Пхеньян бұл айыптауларды мойындамай отыр.

Йонхап агенттігінің мәліметінше, бұдан бөлек Оңтүстік Корея апта басынан бері өзінің төрт су асты кемесін таба алмай келеді. Кемелер базадан шыққаннан кейін радарлардан жоғалып кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG