Accessibility links

Реджеп Ердоған ескерткіш үшін Аргентинаға бармайтын болды


Латын Америкасы елдерінде сапарлап жүрген Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған Аргентинаға бармайтындығын мәлімдеді. Оған Буэнос-Айресте қазіргі Түркияның негізін қалаушы – Кемал Ататүрікке ескерткіштің қоймайтындығы себеп болған.

"Сапар болмайтын болды, себебі Аргентина астанасындағы саябақтардың бірінде ескерткіш қоюға алынған рұқсатты Буэнос-Айрес басшылығы кері қайтарып тастады", - делінген Түркия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Түркия билігі, ескерткіштің қойылмау себебін армян топтарының Түркияға қарсы әрекетімен байланыстырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG