Accessibility links

Иранда адам құқын бұзу тыйылар емес


Иранда белгілі құқын қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Эбадидің көмекшісі тұтқындалды.

Наргиз Махамади соңы толқуға ұласып кеткен былтырғы президент сайлауының 1 жылдығы қарсаңында ұсталды.

Махмуд Ахмединеджад президент болып сайланған соң Эбади шетелге кетті. Ол талай рет халықаралық қауымдастықты адамның құқын бұзған Теһранға қысым жасауға шақырған болатын.

Иран оппозициясы өткен жылғы президент сайлауының 1 жылдығына байланысты оның нәтижесіне наразылық ретінде тағы да ереуіл өткізуді жоспарлаған еді. Бірақ билік шеруді қуып таратынын ескерткен соң, ереуілден бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG