Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер полицияға шабуыл жасады


Ауғанстанда тәліптердің Кандагар қаласындағы полиция кеңсесіне тұтқиылдан шабуыл жасауының салдарынан НАТО-ның 3 жауынгері мен кемінде 5 жергілікті тұрғын оққа ұшты.

Хабарға қарағанда, кеңсенің қақпасын бомба тиелген автокөлік бұзып кірген. Ізінше тәліптер тезатар мен гранататқыштардан оқ жаудырған.

Полиция мен халықаралық коалицияның жауынгерлері қарсы оқ атып, тойтарыс берген.

Оның алдында Ауғанстанның оңтүстігінде ағылшындардың 3 жауынгері оққа ұшып, төртеуі жараланған еді. Оларға бірлескен тінту шарасы кезінде ауған жауынгері оқ атып, өзі қашып құтылған. Қазір оны іздестіру үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG