Accessibility links

Пәкістанда зымыран шабуылынан 16 адам қаза болды


Пәкістанның Ауғанстанмен шекарадағы тайпалар бақылауындағы Оңтүстік Вазиристан аймағындағы бүлікшілерді нысанаға алған АҚШ-тың зымыран шабуылдарынан 16 адам қаза тапқаны жайлы хабарланды.

Жексенбі күнгі хабарларға қарағанда, Назай Нарай аймағындағы талибан жасақтарының бекінісіне алты зымыран тасталған. Ассошиейтед пресс агенттігі барлау ресмилерінің сөзіне сілтеме жасап, қаза тапқандар арасында шетелдіктер де бар деп хабарлап отыр.

АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы Пәкістанның солтүстік-батысындағы бүлікшілерді нысанаға алып, аймаққа зымыран соққысын беріп келеді. Сондай-ақ, Пәкістан күштері де Оңтүстік Вазиристандағы содырларға қарсы бірнеше үлкен операция жүргізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG