Accessibility links

Рамазан Есіргепов БҰҰ-ға шағымданды


Тараз қаласында жазасын өтеп жатқан тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі комитетіне шағым жазды.

28 шілде күні журналисттің әйелі Раушан Есіргепова шағымды адам құқы жөніндегі Қазақстандық бюроға жіберген. Бюро қызметкерлері Комитетке жіберілетін шағымның түпкілікті нұсқасын дайындайды.

Өз шағымында журналист, өзіне қатысты істің әділ қаралуы мен барлық заң баптарының сақталуын талап ететіндігін жазған.

2009 жылы тамыз айында Тараз сотының шығарған үкімі бойынша тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов қызмет бабындағы құпияны заңсыз жариялады деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айрылып, қосымша екі жыл журналистік және баспа жұмысымен айналысуына тыйым салынған еді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG