Accessibility links

Әлем державалары Хиросимада еске алу шарасына қатысты


АҚШ, Ұлыбритания және Франция ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде атом қаруынан зардап шеккен Хиросима қаласындағы еске алу шарасына алғаш рет қатысып отыр. Хиросима – адамзат баласына қарсы атом қаруы алғаш сыналған қала.

АҚШ-тың Токиодағы елшісі Джон Рус бүгін Жапонияның батысындағы осы қалада баяндама жасап, президент Барак Обаманың әлемнің ядролық қарудан бас тартуына күш салатыны туралы мәлімдемесін жеткізді. Еске алу шарасына әлемнің басқа да 75 мемлекетінен өкілдер қатысты, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да келді.

Хиросимаға атом бомбасы тасталған соң бір ай көлемінде 140 мың адам қаза тапты. Үш күннен кейін АҚШ екінші атом бомбасын Жапонияның тағы бір қаласы Нагасакиге тастады. Алты күннен соң Жапония ІІ дүниежүзілік соғыста жеңілгендігін жариялады.
XS
SM
MD
LG