Accessibility links

Теһран: елдің келеңсіз жақтарын кинодан көрсету – «сатқындық»


Иран мәдениет министрінің орынбасары қоғамның өткір мәселелерін көрсетуші киноматографистердің жұмыстарын «мәдениетті сату», «тыңшылақтан зор қылмыс» деп айыптады.

ISNA агенттігінің хабарлауынша, Жавад Шамхадри бірқатар жергілікті режиссерлер халықаралық кино байқауларында жүлдеге ие болу үшін қоғамның күдрделі мәселерін көрсетуге тырысады деп мәлімдеді.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад 2005 жылы билікке келгелі бері, әсіресе өткен жылы қайта сайланғаннан кейін, Иранда мәдениет және сөз бостандығын шектеу күшейді. Соның салдарынан көптеген ирандық киноматографистер шетелге кетуге, не болмаса кәсібін алмастыруға мәжбүр болып отыр.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG